Қарағандыда қалалық Аула футбол лигасының қорытындысы шығарылды

Қарағандыда қалалық Аула футбол лигасының қорытындысы шығарылды

Шілде мен тамыз аралығында Қарағандыда "Аула футболы Лигасы – 2021" атты қалалық спорттық жарыстар өтті. Іс-шара Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған.

Турнирді Қарағанды қаласының Мәдениет, тілдерді дамыту, Дене шынықтыру және спорт бөлімі және Nur Otan партиясы жанындағы JasOtan Жастар қанатының Қарағанды облыстық филиалы ұйымдастырды.

Үздік футбол командасы атағы үшін 13–20 жас аралығындағы жасөспірімдер бақ сынасты. Ойындарға 104 құрам қатысты. Алаңға 600-ден астам жас бала шықты.

Жеңімпаздар арнайы кубоктармен, медальдармен, дипломдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

Сонымен қатар, ойын барысында "Үздік ойыншы", "Үздік қорғаушы" және "Үздік шабуылшы" номинацияларындағы жас футболшылар марапатталды.

Турнир ашық ауада көрермендерсіз өтті. Карантиндік шектеулер сақталды.

2006–2008 жылдары туған жасөспірімдер арасындағы жеңімпаздар:

1-орын – "Жастар" құрамасы;

2-орын – "Волвес" ФК құрамасы;

3-орын – "Көгілдір тоғандар" құрамасы.

2003–2005 жылдары туған жасөспірімдер арасындағы жеңімпаздар:

1-орын – "Молния" құрамасы;

2-орын – "Жігер-2" құрамасы;

3-орын – "МФК Энерго" құрамасы.

2000–2002 жылдары туған жасөспірімдер арасындағы жеңімпаздар:

1-орын – "АН Барбершоп" құрамасы;

2-орын – "Жастар" құрамасы;

3-орын – "Жігер-1" құрамасы.