Қазақстандықтар халық санағына онлайн немесе офлайн режимінде қатыса алады

Қазақстандықтар халық санағына онлайн немесе офлайн режимінде қатыса алады

Қазақстан тұрғындары ұлттық халық санағының сұрақтарына онлайн және дәстүрлі түрде жауап бере алады.

– Қ азақстанда Ұлттық халық санағын өткізу 2020 жылғы 1-30 қазан аралығында жоспарланған болатын, алайда елде COVID-19 пандемиясына байланысты 2021 жылғы 1 қыркүйек пен 30 қазанға ауыстырылды. Онлайн-санақ 1 қыркүйек пен 15 қазан аралығында, ал планшеттерде жаппай сауалнама 1–30 қазан аралығында өтеді, – деп хабарлады Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының басшысы Нұрболат Айдапкелов.

Интернет-сауалнама sanaq.gov.kz мамандандырылған сайтында өтеді. мұнда виртуалды көмекшінің көмегімен респонденттер орналасқан жеріне қарамастан өздеріне және отбасы мүшелеріне санақ парақтарын толтыра алады. Сайт 1 қыркүйек пен 15 қазан аралығында тәулігіне 24 сағат бойы қолжетімді болады.

Бұдан басқа, қазақстандықтар Android немесе iOS операциялық жүйелері арқылы жұмыс істейтін мобильді құрылғыларға арналған «BTS DIGITAL» ЖШС әзірлеген Аitu Messenger отандық мобильді қосымшасы арқылы санақтан өте алады.

Дәстүрлі жаппай сауалнаманы 1-30 қазан аралығында планшеттермен жабдықталған вакцина алған интервьюерлер жүргізеді. Санақ кезінде сәйкестендіруші ақпарат ретінде сұралатын адамның ЖСН пайдаланылатын болады. Бұл мәліметтердің қайталануын болдырмауға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ санақ арнайы ұйымдастырылған нұсқаушы учаскелерде өтеді. Олар ХҚКО-ларда, әкімдіктерде, пошта бөлімшелерінде, мектептерде және т. б. орналасады.

Санақ мәселелері бойынша Call-орталықтың 8-8000-800-878 (Ұялы телефоннан) және 1446 (стационарлық телефоннан) бірыңғай нөмірі бойынша кеңес алуға болады.

Ұлттық статистика бюросы баспасөз қызметінің ақпараты бойынша