Қарағанды облысының еріктілерін шағын гранттар байқауына қатысуға шақырады

Қарағанды облысының еріктілерін шағын гранттар байқауына қатысуға шақырады

16 тамыздан бастап Қазақстанның барлық өңірлерінде волонтерлік бастамаларды қолдау үшін шағын гранттар байқауы басталды. Ол ел халқының өзекті мәселелерін еріктілер қозғалысының күшімен шешуге бағытталған.

Байқау ҚР Қоғамдық даму министрлігі мен «Рухани жаңғыру» қазақстандық Қоғамдық даму институтының бастамасымен ұйымдастырылды. Оған ел аумағында волонтерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдар қатыса алады. Конкурсқа қатысу үшін өтінімді келесі электрондық поштаға жіберу қажет: konkurs@kipd.kz.

Волонтерлік ұйымдар ұсынған жобалар конкурстың кез келген бағытына сәйкес келуі керек: Birgemiz: Bilim, Birgemiz: Qamqor, Birgemiz: Saýlyq, Birgemiz: Sabaqtastyq, Birgemiz: Taza Álem, ProBono волонтерлік, медиа-волонтерлік, әлеуметтік волонтерлік, автоволонтерлік, корпоративтік волонтерлік. Шағын гранттар әр жобаға 500 мың теңге көлемінде ақшалай түрде берілетін болады.

Жобаларды сараптау комиссиясы мынадай өлшемшарттар бойынша бағалайды:

- әлеуметтік маңыздылығы;

-бизнес-құрылымдардың кейіннен қаржыландыру әлеуеті;

- қойылған міндеттерді шешудің тиімділігі;

- мазмұнның конкурстың мәлімделген бағытына сәйкестігі;

- волонтерлік компоненттің іске қосылуы;

- орындау жоспарының нақтылығы мен ұтымдылығы;

- бюджеттің парасаттылығы мен негізділігі.

Конкурсқа қатысуға өтінімдер осы жылдың 16 тамызынан 6 қыркүйегіне дейін қабылданады. Грант алушыларды іріктеу 25 қыркүйекке дейін екі кезеңде жүргізіледі. Байқау нәтижелері www.kipd.kz сайтында жарияланады.

Байқау ережесі туралы толық ақпаратты мына сілтеме бойынша білуге болады: https://drive.google.com/drive/folders/1FbwjpyjQ8js7sFg_TPeOiEptAnGGpGGk?usp=sharing.