Қарағандыда онлайн-кросстың жеңімпаздары марапатталды

Қарағандыда онлайн-кросстың жеңімпаздары марапатталды

Қарағандыда жүгіру әуесқойлары арасындағы облыстық онлайн-чемпионаттың жеңімпаздары мен жүлдегерлері марапатталды. Іс-шара спорт күніне және Қазақстан Республикасының Конституция күніне арналды. Ұйымдастырушылар – дене шынықтыру және спорт басқармасы мен жеңіл атлетикадан облыстық олимпиадалық резерв мектебі.

Кроссқа 16 жастан асқан 100-ден астам адам қатысты. Жарыс 9–12 тамыз аралығында өтті. Ерлер 4 000 м, әйелдер – 2 000 м жүгірді, нәтижелер Strava мобильді қосымшасы тіркеген жүгіру жарыстарының нәтижелері бойынша қорытындыланды.

– Жарыс сәтті өтті. Қарағанды облысының әртүрлі қалалары мен аудандарынан спортшылар қатысты. Абай, Теміртау және Қарағанды қалаларының жүгірушілері жеңімпаз атанды, – деді жарыстың бас төрешісі Владислав Фризин. – Кросс екінші рет өтуде. Биылғы нәтижелер былтырғымен салыстырғанда жақсы.

Жарысқа қатысушылар да өз әсерлерімен бөлісті.

– Егер бұл қарапайым кросс болса, нәтиже жақсы болар еді, – дейді қола жүлдегер Владимир Карпекин. – Қарсыластардың қалай жүгіретінін білмедік. Бірақ карантинге қарамастан, жарыстар өткізілетіні өте жақсы.

Онлайн-кросстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері грамоталармен және сыйлықтармен марапатталды. Барлық басқа қатысушыларға электрондық сертификаттар берілді.