Елбасы медальдарымен марапатталған 18 қарағандылық ҚР жоғары оқу орындарына білім гранттарын алды

Елбасы медальдарымен марапатталған 18 қарағандылық ҚР жоғары оқу орындарына білім гранттарын алды

Білім гранттарын алуға арналған конкурсқа Елбасының 821 медаль иегері қатысты. Тек 605 талапкер жоба қатысушылары үшін ұпай тең болған жағдайда артықшылықтың арқасында тегін оқуға мүмкіндік алды. Оның 18-і Қарағанды облысынан.

Гранттардың ең көп санын Нұр-Сұлтан мен Алматы, сондай-ақ Қызылорда мен Павлодар облыстарының болашақ студенттер алды. Медаль иегерлері арасында ең танымал оқу орындары Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Сүлеймен Демирел атындағы Университет және Astana IT University болды.

– Елбасы академиясы жобаларының әрбір қатысушысы біздің мақтанышымыз болып табылады. «Елбасы медалі» жобасы дарынды жастар, әсіресе ауыл балалары үшін болашақ табыстарға маңызды қолдау болатынын көріп отырмыз. Жақын арада біз жастарды қолдау үшін тағы да бірнеше жобаны іске қосуды жоспарлап отырмыз және тұрғылықты жеріне қарамастан, оларға әрбір жас қазақстандықты қатысуға шақырамыз, – деді «Елбасы академиясы» КҚ директоры Асланбек Амрин.

Ұлттық деңгейдегі жоба жастарды кешенді дамытуға бағытталғанын еске сала кетейік. Бағдарлама жеті негізгі бағыттан тұрады: спорт, таланттар мен дағдылар, кітап оқу, ұлттық мұра, волонтерлік, экспедициялар мен жорықтар, еңбек тәжірибесі. Бағдарлама 14 пен 29 жас аралығындағы жастарға арналған.

fnn.kz