Қаныш Сәтбаев пен Илон Маск бейнеленген муралдар Қарағандыдағы зауыт ғимараттарының қабырғасында пайда болды

Қаныш Сәтбаев пен Илон Маск бейнеленген муралдар Қарағандыдағы зауыт ғимараттарының қабырғасында пайда болды

Қарағанды құю-машина жасау зауытының қабырғаларында Қаныш Сәтбаев пен Илон Масктың портреттері пайда болды. Муралдардың құрылуы кәсіпорынның 80 жылдығына орайластырылған.

Олар кіреберіске қарайтын қабырғаларды безендірді. Металл құрылғыларының өндіріс жетекшісі Ұлан Әбековтың айтуынша, екі портрет те терең философиялық мәнге ие. Қазақстандық металлургияның негізін қалаушы Қаныш Сәтбаевтың бейнесі жөндеу шеберханаларынан бастап күрделі құю және машина жасау өндірісіне дейінгі зауыттың тарихын бейнелейді. Ал Илон Маск – бұл фантастикалық болашақ, оған ҚҚМЗ қарап бағыт алады.

– Қаныш Сәтбаев – нағыз патриот. Бірде ол Лондонда Уинстон Черчилльмен кездесті және олардың арасында келесі диалог орнаған. Черчилль: "Басқа қазақтар да бойшаң ба?" деп сұрағанда, Академик былай деп жауап берді:" Қазақтар арасында мен ең кішкентай шығармын! Менің халқым менен жоғары" деген екен. Қазақтың ұлы ғалымының дәл осы сөзі алғашқы муралды рухтандырады, – деп түсіндіреді Ұлан Әбеков. – Онда Канекенің өмір философиясы бар. Ал біздер, қазақстандықтардың жаңа ұрпағы үшін – бұл өз Отанын сүю және оған шексіз қызмет етудің үлгісі.

ПМК бастығының айтуынша, муралдың екінші бөлімінің кейіпкері – Илон Маск армандарды шындыққа айналдырып, болашақты жақындата алатын адамдардың сирек санына жатады. Ол зауыт ұмтылатын прогрестің тірі бейнесі.

Муралдардың авторы – суретші Шыңғыс Қасымов. Ол өзінің командасы жобаны жүзеге асыруға екі апта жұмсағанын айтты.

– Бұл тапсырыс мен үшін өте қызықты болды, – деп атап өтті суретші. – Мен туған қаламыздың тарихы туралы көп мағұлмат білдім. Жұмысқа кіріспес бұрын, мен ҚҚМЗ туралы көп оқыдым. Мысалы, бұл зауыт өз тарихында өндірісті бір күнге тоқтатпағанын білдім. Содан кейін эскиздерді сәйкестендірудің ұзақ процесі жүрді, өйткені олар мерейтойлық датамен шектелді және бір жағынан ерекше, терең философиялық, екінші жағынан өте түсінікті, "өзіміздің" нәрсе жасау маңызды болды.

ҚҚМЗ баспасөз қызметінің ақпараты бойынша