Е. А. Бөкетов атындағы ҚарУ вакцинацияланған қызметкерлер мен студенттер арасында шипажайға 20 жолдама ойнатты

Е. А. Бөкетов атындағы ҚарУ вакцинацияланған қызметкерлер мен студенттер арасында шипажайға 20 жолдама ойнатты

Академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті профессор-оқытушылар құрамы мен студенттер арасында шипажайға алғашқы 20 жолдаманың ұтыс ойынын өткізді.

Вакцинацияланған университет қызметкерлері мен оның студенттері арасындағы ұтыс ойыны 1 шілдеде басталды. Оның басты мақсаты – профессор-оқытушылар құрамы мен студенттерді вакцинациялауға ынталандыру. Ұтыс ойынына қатысушылар өздерінің вакцинация төлқұжаттарын көрсетіп, автоматты түрде ұтысқа қатысушылардың тізіміне тіркелді. Жақында олардың арасында "Мойылды", "Сарыағаш" шипажайларына және "Балқаш" демалыс үйіне 20 жолдама ойнатылды.

«Академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің оқытушылары мен қызметкерлері студенттер мен олардың ата-аналары алдындағы жауапкершілікті және вакцинацияның пандемияны тоқтатуға көмектесетінін түсіне отырып, вакцинациялауды жалғастыруда. Ваучерлердің ұтыс ойыны - бұл бәріне жағымды бонус. Алдағы уақытта біз жолдамаларды ғана емес, басқа да бағалы сыйлықтарды ойнатуды жоспарлап отырмыз», – деп атап өтті университеттің баспасөз қызметі.