Қарағандылық Maker компаниясы инфекциялық госпитальдарға оттегі баллондарын толтырумен айналысады

Қарағандылық Maker компаниясы инфекциялық госпитальдарға оттегі баллондарын толтырумен айналысады

Қарағанды құю-машина жасау зауыты ("Maker" ЖШС) COVID-19 пандемиясынан зардап шеккен адамдарға көмек қолын созды. Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасы зауыттың 99,7% таза оттегі өндіретінін біліп, көмекке жүгінді.

Бүгінгі таңда Қарағанды облысы "қара-қызыл" аймақта орналасқан. Ковидті ауруханалар оттегіге мұқтаж науқастарға толы.

– Әрине, біз әлеуметтік жауапты кәсіпорын ретінде отандастарымыздың өмірі мен денсаулығына қатысты денсаулық сақтау басқармасына теріс жауап бере алмадық, – деп түсіндірді оттегі-компрессорлық учаскенің бастығы Досхан Түсіпов. – Осы аптада біз 148 алты тісті баллонды толтырдық. Ол жұмысты күндіз-түні атқардық. Бізге аурухана машиналары таңғы 4-те және 5-те келіп отырды. Біз ешкімнен теріс айналған жоқпыз.

"Maker" ЖШС басқарма төрағасы Жәнібек Байғабеловтың айтуынша, қандай ауруханаларға оттегі жіберілгенін және оның арқасында қанша адам құтқарылғанын зауыт жұмысшылары біле бермейді. Бірақ олар адам өмірін құтқаруға үлестерін қосып жатқаны жұмыс істеуге деген ықыластарын арттырған.

instagram.com