
Мемлекеттік білім гранттарының иегерлері ЖОО-ға қабылдау үшін өз құжаттарын 25 тамызға дейін тапсыруы тиіс.
Ол үшін еGov.kz электрондық үкімет порталы арқылы өтінім беру қажет. Қызмет 17 тамыздан бастап қолжетімді болады.
ЖОО-ға ақылы негізде қабылдау үшін оқу орындарының виртуалды қабылдау комиссияларына жүгіну қажет. Олардың тізімі ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталығының сайтында орналастырылған.
ҚР БҒМ Баспасөз қызметінің ақпараты бойынша