Қарағанды облысы Қызылжар ауылында фельдшерлік пункт пен мәдениет үйі жөнделді

Қарағанды облысы Қызылжар ауылында фельдшерлік пункт пен мәдениет үйі жөнделді

Жаңаарқа ауданының Қызылжар ауылында "Ауыл – Ел бесігі" бағдарламасы бойынша фельдшерлік пунктке күрделі жөндеу жүргізіліп, мәдениет үйі жаңартылды.

Сонымен қатар, "Өңірлерді дамыту" бағдарламасы бойынша көшелердің бірінде жарықтандыру шамдары орнатылды.

Биыл ауылға кіре берістегі көпірдің құрылысы басталды. Елді мекенге кіре берістегі жолды шұңқырлы жөндеу жоспарланған.

Сондай-ақ, Қызылжарда хоккей корты, спорттық және балалар ойын алаңдары жабдықталады.

"Ауылда "Рухани жаңғыру" бағдарламасы да жүзеге асырылуда. Осы бағдарлама аясында 20 және 30 жыл бұрын оқу бітірген жергілікті мектеп түлектері мешітте ұзақ жанатын пеш пен темір есік орнатуға көмектесті. Сондай-ақ, олардың күшімен Жаңаарқа кентінде "Жан жүрегім Жаңаарқа" деген жазу орнатылды", – деп атап өтті Жаңаарқа ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.