
Топар кентіндегі "Жастар Альянсы" ҚБ еріктілері мен Абай атындағы жалпы білім беретін мектеп педагогтарының күшімен Шерубай батырға ескерткіш орнатылды. Нысанды қалпына келтіруге 15 адам қатысты.
– Естелік белгі ұзақ жылдар бойы нашар күйде болды. Біздің климат, температуралық режимнің өзгеруі де өз әсерін тигізді. Сондай-ақ ескерткіштің айналасында тұрмыстық қалдықтар үйіндісі пайда болды. Бұл жерге ешкім ерекше қарамады, сондықтан біз нысанды қалпына келтіріп, іргелес аумақты тазартуды шештік. Бұл біздің тарихымыз ғой, – деп атап өтті "Жастар Альянсы" ҚБ басшысы Темірлан Кәкенов.
Акцияға қатысушылар қоршауды, қалқан мен найзаны бояп қана қоймай, ескерткіштің өзі орнатылған іргетасты нығайтты.