
Онлайн-экпозиция Спорт күніне орай Теміртау қалалық тарихи-өлкетану мұражайында өтеді. Ол "Минутына 200 соққы" деп кездейсоқ аталған жоқ.
Жарыс кезінде жақсы дайындалған спортшылардың пульсі минутына 200 соққыға дейін артуы мүмкін. Сондықтан бұл атау спортшылардың Олимпиада ойындарына дайындық және өнер көрсету кезінде жасаған күш-жігерін көрсетеді.
Экспозиция Теміртау спортшыларына және қаладағы олимпиадалық спорт түрлерін дамытуға арналған. Мұнда тек фото және деректі материалдар ғана емес, сонымен қатар мұражай қорларында сақталған жеке заттар, спорттық жабдықтар, олимпиадашылардың медальдары ұсынылған.
Көрермендер металлургтер қаласының 20 спортшысы туралы біле алады. Бұл олимпиадаларға қатысқан ауыр және жеңіл атлетика, есу, жүзу, оқ ату, дзюдо, синхронды жүзу мектептерінің тәрбиеленушілері. Атап айтқанда, ауыр атлетші Юрий Зайцев 1976 жылы Монреальдағы Олимпиада ойындарының алтынын алды.
Экспозицияның ашылуы 13 тамыз күні сағат 15:00-де тікелей эфирде музейдің @temirtau.muzey Instagram-парақшасында өтеді.
Анықтама телефоны (8-7213) 93-19-05.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда Спорт күні 2004 жылдан бері тамыздың үшінші жексенбісінде аталып келеді.