Қарағандылық студенттерді кәсіпкерлік негіздерін меңгеруге тегін оқытатын болады

Қарағандылық студенттерді кәсіпкерлік негіздерін меңгеруге тегін оқытатын болады

Қарағанды облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы Жастар күніне орай ЖОО мен колледж студенттерін кәсіпкерлік дағдыларға оқыту жобасын іске қосады.

Жобаның мақсаты студент жастар арасында кәсіпкерлік қызметті насихаттау болып табылады.

Оқыту барысында қатысушылар базалық кәсіпкерлік дағдыларын дамыта алады, өздерінің бизнес-идеяларына қолдау таба алады, сондай-ақ жастар кәсіпкерлігін дамыту үшін мемлекеттік қолдау шаралары туралы хабардарлық деңгейін арттыра алады.

Онлайн-форматта оқытуды бизнес саласындағы сарапшылар мен мамандар жүргізетін болады.

Сонымен қатар, тыңдаушылар жалпы жүлде қоры 2 миллион теңге болатын үздік бизнес-идеялар конкурсына қатысу мүмкіндігіне ие болады.

Өтінімдерді қабылдау 10 қыркүйекке дейін жалғасады.

Толық ақпаратты +7-775-357-26-96 телефоны арқылы немесе WhatsApp/Telegram арқылы жазуға болады.