
Осакаров ауданының Қарағайлы және Мирное ауылдарында жас кәсіпкерлер аудан әкімінің гранттарына сұлулық салондарын ашты. Енді ауыл тұрғындары қалаға бармай-ақ, сұлулық индустриясы қызметтерінің кең спектрін ала алады.
Осакаров ауданы әкімінің гранты иегерлерінің бірі Жұлдыз Нұрбол болды. Қарағайлы кентінің жас кәсіпкері көптен бері өз салонын ашуды және ауылдастарына шаш үлгісін жасауды армандаған.
– Мен бала кезімнен сұлулық индустриясында жұмыс істеуді армандайтынмын. Интернетте және журналдарда жаңа трендтерді оқып, әдемі шашты қалай жасайтыны қызықты болды. Туыстарыма, достарыма, тіпті сыныптастарыма шаш үлгісін жасадым. Сондықтан жастар кәсіпкерлігін дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаларға қатысуға шешім қабылдадым. 2020 жылы аудан әкімінің 600 мың теңге грантын жеңіп алдым. Бұл қаражат маған өз ісімді ашуға жеткілікті болды. Алынған ақшаға қажеттінің бәрін сатып алып, өзімнің сұлулық салонымды аштым, – деді Жұлдыз Нұрбол.
Кәсіпкер бұрын таныстары оның қызығушылығын түсінбегенін мойындайды, өйткені ер адам үшін шаштараз болу беделді емес деп саналды. Енді олар оның қызу жұмысвн көріп, қызметін жақсарту үшін көп нәрсені үйренгеніне куә болып отыр. Бүгінгі таңда ауыл тұрғындарының барлығы дерлік оның салонының клиенттері болып табылады.
– Менің түсінігімде шаштараз шаш сәндеу және қиюмен ғана шектеліп қоймай, үнемі білімін жетілдіріп отыруы тиіс. Жұмыс оңай емес, өйткені күні бойы екі аяқпен тік тұрып жұмыс істеймін. Бірақ риза болған клиенттерді көргенде, шаршау өздігінен тарқап кетеді. Олардың алғысы ары қарай жетілуге ынталандырады, – дейді Жұлдыз Нұрбол. – Менің жоспарларым көп. Мен олардың барлығын жүзеге асырғым келеді. Мемлекеттік бағдарламалардың арқасында бұл мүмкін. Ең бастысы – қорықпау керек және өз арманыма жету үшін, жаңа мақсаттар қоя білу керек.
Александра Штранская Мирное тұрғындары үшін нағыз сұлулық періштесіне айналды. Бойжеткен салон ашқанға дейін ауыл тұрғындары маникюр, педикюр және басқа да қызметтер үшін қалаға немесе аудан орталығына баруға мәжбүр болды.
Аудан әкімінің грантына Александра сұлулық салонына қажетті құрал-жабдық сатып алды. Бүгінгі күні оның салонында маникюр, педикюр қызметтерін ғана емес, сонымен қатар кірпіктерді ұзарту және ламинаттау, шугаринг қызметтерін де алуға болады.
– Гранттың арқасында менің жеке ғимараты бар, салонды ашу үшін барлық қажеттіні сатып ала алдым. Мен ұзақ уақыт бойы тырнақтармен айналыстым, достарым мен таныстарға маникюр жасадым. Осы бағытта үнемі дамығым келді, осы тақырыптағы әдебиеттерді оқыдым, интернеттегі сабақтарды көрдім, – дейді Александра. – Өз ісін ашқысы келетіндерге қорықпауға кеңес беремін.