Қарағанды автовокзалынан Томскке автобустар жүре бастайды

Қарағанды автовокзалынан Томскке автобустар жүре бастайды

Қарағанды автовокзалының баспасөз қызметінің хабарлауынша, 14 тамыздан бастап Томскке автобус рейстері қайта басталады.

Қарағанды – Томск бағыты бойынша Автобус әр сенбі сайын жүретін болады. Жүру уақыты – 10:00.

Әр сейсенбі, бейсенбі, жұма және жексенбі күндері сағат 13:00-де Қарағанды автовокзалынан Новосібірге автобус та жөнелтіледі.

Билеттерді Теміртау, Топар, Шахан, Шахтинск, Ақтас, Қарқаралы автостанцияларының кассаларында, сондай-ақ автовокзалдар терминалдарында сағат 06:00-ден 23:00-ге дейін түскі үзіліссіз және демалыссыз сатып алуға болады.

instagram.com