
"Айдың нұры" қайырымдылық қоры Қарағанды облысының Осакаровка кентінде көпбалалы Самихаан отбасына үй сыйлады.
Көпбалалы отбасы Осакаровкаға Ақбұлақ ауылынан көшіп келген. Ауылда жеке тұрғын үйінің жоқтығынан бірнеше жыл бойы ерлі-зайыпты Самихаандар алты баласымен бірге туыстарының үйін паналаған. Отбасының ауыр материалдық жағдайын біліп, "Айдың нұры" қайырымдылық қоры оларға үй сыйлауды шешті. Сонымен бірге, Самихаандар отбасы сыйлық туралы білмеді. Олар үшін бұл нағыз тосын сый болды.
– Бізге тұрғын үй сатып алуға көмектескені үшін өте қуаныштымыз және шексіз ризамыз. Мен тұрғын үй алуға кезекте тұрмаймын, себебі бұрын бізде меншік құқығында ауылда үй болған. Осакаровкаға көшкеннен кейін бірнеше жыл біз туыстарымызбен тұрдық. Біз үшін жеке тұрғын үй – бақыт. Сене алар емеспін. Біз өте қуаныштымыз! – дейді Нұргүл Самихаан.
Нұргүлдің үлкен қызы 15 жаста, ал ең кенжесі үш айлық. Анасына қарағанда, баспаналы болғанына балалар көбірек куануда. Олар ата-анасымен бірге көшуге дайындалып жатыр.
"Айдың нұры" қоры мұқтаж жандарға 2020 жылдың наурыз айынан бастап көмек көрсетуде. Оның негізін қалаушы әрі төрайымы – белгілі айтыскер ақын, "Құрмет" орденінің кавалері Айнұр Тұрсынбаева.
– Біздің мақсатымыз – қыс келгенге дейін мұқтаж адамдарға өз баспаналарын табуға көмектесу. Бүгінде мұндай адамдар өте көп. Біз әр отбасының қаржылық мүмкіндіктерін толық зерттейміз. Міне, үйдің кілтін Самихаан отбасына табыстадық. Бұл көп балалы және мұқтаж отбасыларға берген 87-ші үй, – деді Қор директоры Мөлдір Ақылбекова.