Қарағандылықтар Абайдың өлеңдерін оқыды

Қарағандылықтар Абайдың өлеңдерін оқыды

«Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының өкілдері мен Қарағанды облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының еріктілері Абай күніне арналған «Сөнбес сәуле» акциясын өткізді.

Қарағандының сауда орталықтарында жігіттер мен қыздар тұрғындарға Абайдың өлеңдері мен әндерін еске түсіруді ұсынды. Көптеген азаматтар ақынның өлеңдерін қуана оқыды. Ол үшін оларға ұлы ойшылдың қара сөздері жазылған ашықхаттар мен тәтті сыйлықтар берілді.

«Абай мұрасы – халықтың бірлігі мен тұтастығына апаратын жол. Оның шығармалары жас ұрпаққа өз халқына, еліне және жеріне деген патриоттық сезімдерін оятады. Біздің акцияның мақсаты – Абай шығармашылығын қала тұрғындары арасында насихаттау. Әр адам оның өлеңдерінен өзіне қажетті әрі жақын сөздерді табатынына және де Абайдың сөздері оның бүкіл өмірінің жетекші жұлдызына айналуы мүмкін екеніне сенімдіміз», – деп атап өтті жас Ассамблея өкілдері.

assembly.kz