
Саран қаласы әкімінің аппараты 7–15 тамыз аралығында вакцина алғандар арасында электроника және тұрмыстық техника ұтыс ойынын өткізеді.
Іс-шараға Саран қаласы мен Ақтас кентінің тұрғындары қатыса алады. Құнды сыйлық алу үшін екі қарапайым шартты орындау керек: коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинаның бірінші компонентін алып, вакцинация пункттеріндегі ұтыс журналына тегі мен атыңызды жазу керек.
18 жастан 50 жасқа дейін вакцинацияланғандардың арасында смартфон, сымсыз құлаққаптар, смарт-сағат, пауэрбанк және фен ойнатылады.
50 жастан асқан жас санаты үшін тұрмыстық техниканың ұтыс ойыны өтеді. Жүлделер арасында кір жуғыш машина, микротолқынды пеш, ASEL электр пеші, блендер, баяу пісіргіш және үтік бар.
Ұтыс ойыны тікелей эфирде 16 тамызда сағат 15:00-де Саран қаласы әкімі аппаратының @apparat_akima_saran Instagram әлеуметтік парақшасында өтеді.