Мүмкіндігі шектеулі қазақстандықтар жеңілдетілген бағамен темір жол билеттерін онлайн сатып ала алады

Мүмкіндігі шектеулі қазақстандықтар жеңілдетілген бағамен темір жол билеттерін онлайн сатып ала алады

Ерекше қажеттіліктері бар қазақстандықтар жеңілдетілген бағамен билеттерді еgov mobile-да алынған ЖСН және әлеуметтік ID 6-таңбалы кодты енгізу арқылы www.bilet.railways.kz ресми сайттан онлайн сатып ала алады. Авторландырылған пайдаланушыға сапар күні мен вагондағы орынды таңдағаннан кейін www.bilet.railways.kz сайтында мәртебесін растау үшін өз деректерін көрсету қажет: ЖСН, мүгедектік туралы анықтаманың нөмірі және eGov mobile қосымшасының «цифрлық құжаттар» сервисінде әлеуметтік ID құжатына қолжетімділік ашылғаннан кейін пайда болатын 6-таңбалы код.

Сайтта өз деректерін толтырғаннан кейін және дербес деректерді өңдеуге келісім бергеннен соң, билеттерді сату жүйесі мүгедектік мәртебесін алу үшін «цифрлық құжаттар» сервисіне сұрау жібереді. Деректерді тексеру кезінде жолаушының мәртебесі расталады. Бұдан әрі сату жүйесі төлем жүргізу және жол жүру құжатын ресімдеу үшін таңдалған орынға жеңілдікті қолдануға мүмкіндік береді.

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ баспасөз қызметінің хабарлауынша