Тәуелсіздік құрдасы: Теміртаулық "Вдохновение" ансамбліне 30 жыл

Тәуелсіздік құрдасы: Теміртаулық "Вдохновение" ансамбліне 30 жыл

50-ден астам Гран-при, Дельфий ойындарының 2 алтын медалі, Халықаралық байқаулар мен фестивальдарда 100-ден астам жеңіс. Теміртау қаласының "Вдохновение" үлгілі вокалдық-хореографиялық ансамблі табысты өнер көрсетіп келеді. Биыл шығармашылық ұжым өзінің 30 жылдығын атап өтуде.

1991 жылдың қараша айында хореограф Маргарита Чистякова Теміртауда шағын балалар шығармашылық үйірмесін ашқан. Бастапқыда оған тек 10 адам келетін. Теміртаулық ұжымға танымалдылықты 1997 жылы "Утренняя звезда" байқауындағы жеңіс әкелді. Бүгінгі таңда "Вдохновение" ансамблін көпшілік біледі. Бұған халықаралық вокалдық және би байқауларындағы жеңістер дәлел бола алады.

2014 жылы Маргарита Чистякова Ресейге көшіп кетті. 2015 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін ансамбльдің көркемдік жетекшісі Бағлан Қайдасынова болып табылады.

– Пандемияға дейін ұжым құрамында 200-ден астам бала болды. Қазір 185 тәрбиеленуші бар, – дейді Теміртау қаласының Мәдениет сарайының көркемдік жетекшісі және вокал бойынша педагог Лариса Браун. – Ұжым қатысушыларының жасы 4-тен 18 жасқа дейін. Балалармен тамаша педагогтар жұмыс істейді. Бұл креативті, көңілді, мақсатты, өз ісін және тәрбиеленушілерін жақсы көретін адамдар. Олар балалар үшін кез-келген тәжірибеге баруға дайын. Жыл бойы шақырылған педагогтар шеберлік сабақтарын өткізеді. Пандемияға байланысты бұл ішінара тоқтатылды. Бірақ өткен жылы би қоюға шетелден хореографтар келді.

Ансамбльдің репертуарлық би палитрасы алуан түрлі. Бұл қазақтың халық билері, әлем халықтарының билері, сондай-ақ классикалық, эстрадалық, стильдендірілген хореографиялық композициялар. Вокалистер әндерді тек қазақ және орыс тілдерінде ғана орындаумен шектелмейді. Ансамбльдің құрамы көп ұлтты, сондықтан әртүрлі тілдердегі композициялар шырқалады.

Пандемия кезінде барлық қазақстандықтар секілді ұжым да қиындықтарды бастан өткерді. Бірақ шығармашылық өмір жалғасуда және тәрбиешілер балаларды одан әрі дамытуға ынталандыру үшін тапқырлықтың ғажайыптарын көрсетеді.

– Қызығушылықтың жойылмауы үшін біз оқыту бейнероликтерін дайындадық, – дейді Лариса Браун. – Балалар жауап ретінде өз орындаударын видеоға түсіріп, педагогтарға жіберді. Осы роликтерді біріктіріп, бір би немесе ән шығарған кезде өте ерекше және қызықты нәрсе шығады. Сонымен қатар, ансамбль оқытушылары таныс музыканттар мен хореографтардан сабақтар мен мотивациялық бейнелер жазуды сұрады. Бұл жұмысқа қосымша ынта береді.

Өкінішке орай, жарыстар да аз болды, негізінен олардың бәрі қашықтан, бірақ бұл еңсемізді түсірмеді. Жақында ансамбль мүшелері "Ыстық көл толқындарында" көшпелі байқауында кезекті Гран-при жеңіп алды.

"Вдохновениенің" жолы болды. Карантиндік нормалардың әлсіреуі кезінде мұғалімдер мен оқушылардың бірлескен күштері ұжымның 30 жылдығына арналған бағдарлама дайындады. Маусым айында төрт концерт болды, өйткені залды тек 30% толтыруға рұқсат етілді.

– Күзде қазақстандықтарды тағы бірнеше концертпен қуантамыз деп үміттенеміз, – дейді Лариса Браун. – Бұл ұжымның мерейтойлық өнер көрсетуі. Мәдениет сарайының сахнасында жыл сайынғы вокалистердің концерті өтеді. Сондай-ақ Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ауқымды шара жоспарлаймыз.