Шахтинск жастары туған қаласының мерейтойына сыйлық жасады

Шахтинск жастары туған қаласының мерейтойына сыйлық жасады

Шахтинск жастары қаланың 60 жылдығына сыйлық жасады: трансформаторлық қосалқы станциялардың бірінің қабырғасында граффити пайда болды.

– Биыл біздің қаламызда үш үйде муралдар салынды. Мен оларды көргенде, туған қаламызға жастардың атынан сыйлық жасауды шештім. Муралдардың авторларымен байланысып, Абай Құнанбаев даңғылындағы трансформатор будкасын безендіруді сұрадық. Бұл біздің басты көшеміз. Жастар менің идеямды қолдап, қосалқы станцияның қабырғаларын тегін бояды, – деді Шахтинск қаласының Жастар ресурстық орталығының жетекшісі Жасұлан Хамитов.

Оның айтуынша, жастар орталығы суретшілерге көмек көрсеткен: аумақты ретке келтіріп, барлық қажетті материалдармен қамтамасыз етті.

Жасұлан бұл идеяны жергілікті талантты жастар қолдап, Шахтинск қаласының барлық трансформаторлық қосалқы станциялары жарқын және әдемі болады деп үміттенеді.

– Бізде талантты жастар өте көп, мен оларға жүгінгім келеді. Егер сіздер жақсы сурет салсаңыздар немесе қаланы абаттандыру бойынша қызықты идеяларыңыз болса, Шахтинск қаласының Жастар ресурстық орталығына хабарласа аласыздар. Біз сіздерді және сіздердің идеяларыңызды талқылауға, қарастыруға және жан-жақты қолдауға дайынбыз, – дейді Жасұлан.

Қаланың жастар ресурстық орталығы мына мекен-жай бойынша орналасқан: Шахтинск қаласы, Қазақстан көшесі, 101 үй. Байланыс телефоны: (8-72156) 5-35-29. Instagram парақшасы – @shaht_mol.centr.