«Қарағанды облысының ахуалдық орталығы үлгілі болып табылады» – ҚР ДСМ жұмыс тобының жетекшісі

«Қарағанды облысының ахуалдық орталығы үлгілі болып табылады» – ҚР ДСМ жұмыс тобының жетекшісі

Қарағанды облысы Денсаулық сақтау басқармасының ахуалдық орталығының жұмысын Республикалық жұмыс тобы бағалады. Мамандар халыққа медициналық көмекті ұйымдастыру деңгейін қарау және оны жақсарту бойынша ұсыныстар беру үшін өңірге келген болатын.

Жұмыс тобын ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті төрағасының орынбасары Лаура Ахметниязова басқарады. Топ құрамына тәжірибелі дәрігерлер мен ғылыми қызметкерлер кірді.

– Денсаулық сақтау министрлігі өңірлерге шыққан жұмыс топтарын құрды. Олардың мақсаты – ұйымдастыру-әдістемелік және тәжірибелік көмек көрсету. Қарағанды облысында біз бірнеше күн жұмыс істейтін боламыз. Облыс орталығында және басқа қалаларда инфекциялық стационарларға, алғашқы медициналық көмек ұйымдарына барамыз. Сапар қорытындысы бойынша ұсыныстар әзірленеді, – деді Лаура Ахметниязова.

Денсаулық сақтау басқармасында топ мүшелеріне ахуалдық орталықтың жұмысы көрсетілді. Мұнда нақты уақыт режимінде барлық медициналық ұйымдар мен әрбір пациент туралы ақпарат келіп түседі.

Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Гамаль Тоқсамбаевтың айтуынша, цифрлық мониторинг пен бақылау барлық бағыттарды бақылауға және туындаған проблемаларға уақтылы ден қоюға мүмкіндік береді. Өңірде онкология, босандыру және басқа да салалар бойынша жеті бейінді ахуалдық орталық жұмыс істейді.

– Қарағанды облысының тәжірибесін басқа өңірлер зерделеуде. Менің ойымша, бұл Ахуалдық орталық үлгілі болып табылады. Мұнда цифрлық технологиялардың барлық мүмкіндіктері қолданылған. Жедел және басқарушылық шешімдер қабылдау үшін бұл өте қажет. Оның үстіне, қазір пандемия кезінде жағдайға тез жауап беру қажет болған кезде – қосымша төсек енгізу және басқа да мәселелерді шешу қажет, – деп атап өтті Лаура Ахметниязова.