
Нұра ауданында 200 мың тонна жоспар бойынша 156 мың тонна шөп немесе 78 пайыз дайындалды. Шөп дайындау жұмыстарын 20 тамызға дейін аяқтау жоспарлануда.
Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Серік Шайдаров ауданға жұмыс сапары барысында жем-шөп дайындау барысымен, агроқұрылымдар алқаптарындағы егіс жағдайымен, сондай-ақ "Ауыл - Ел бесігі" бағдарламасының іске асырылуымен танысты.
Ауа райының қолайсыздығына қарамастан, "Қайнар" ЖШС-де егіс жағдайы жақсы. Шаруашылық директоры Сейтжапар Нығметовтың айтуынша, бұл минералды тыңайтқыштарды қолдану мен жоғары өнімді тұқымдарды пайдаланудың арқасында мүмкін болды. Осы жылы компания алты астық жинайтын комбайн мен сонша жем-шөп жинайтын дестелегіштер, соқалар сатып алды. Аграршылар егін өткен жылдың деңгейінен төмен болмайды деп үміттенеді.
Нұра ауданындағы егін орағына 15 тамызда, ал жаппай егін жинауға 1 қыркүйектен бастап кірісу жоспарлануда.
"Қайнар" ЖШС шөп шабу науқанын аяқтады. Жеткілікті жеммен шаруашылықтың өзі ғана емес, Щербаковский ауылының тұрғындары да қамтамасыз етілген. 2 800 тонна шөп дайындалды. Бұл 2020 жылмен салыстырғанда 400 тоннаға көп.
Келесі аралау орны ірі астық егетін шаруашылықтардың бірі - "Жараспай" ЖШС болды. Шөп шабу жалғасуда. 330 тонна дайын. Директордың орынбасары Асалтай Қожұханов шаруашылық биыл ауыл тұрғындарын толығымен шөппен қамтамасыз етеді деп сендірді. Жыл сайын агрофирма 13,5 мың гектар алқапта дәнді дақылдар егеді. Шаруашылықта төрт астық қоймасы бар. Машина-трактор паркі үнемі жаңартылып отырады.
Үйлесімді жұмыс пен уақтылы қабылданған шаралардың арқасында "Пржевальское" ЖШС егістіктерінің жағдайы да жақсы. "Пржевальский" жұмысшылары мен ауыл тұрғындары үшін 900 тонна шөп дайындалды. Шөп шабу науқаны жалғасуда. Жақында ферма екі трактор сатып алды.
"Ауыл – Ел бесігі" бағдарламасының жүзеге асырылу барысымен облыс әкімінің орынбасары Мұзбел ауылында да танысты. Бүгінде мұнда мектеп пен кентішілік жолдарға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Сапар соңында Серік Шайдаров "Шахтерское" элиталық тұқым өсіру шаруашылығында болды. Жақсы өнім алу үшін минералды тыңайтқыштар мен жоғары өнімді тұқымдар қолданылады, сонымен қатар ауылшаруашылық машиналары паркін жаңартады. Осыдан бір ай бұрын компания дәнді дақылдарды уақтылы жинау үшін отандық өндірістегі сегіз астық жинайтын комбайн сатып алды.
Шаруашылық директоры Григорий Прокоп 15 мың тоннаға арналған қосымша сақтау сыйымдылықтарының құрылысы туралы хабарлады. Қазір фермада 12 астық және 6 картоп қоймасы бар. Жыл басынан бері салымдардың жалпы сомасы 2 миллиард теңгеден асты.
"Шахтерское" ЖШС ауылдың әлеуметтік мәселелерін де белсенді шешеді. Компания өз қаражаты есебінен дәмхана, саябақ, әлеуметтік нысандар мен ауыл тұрғындарының үйлеріне арналған қазандық салуды және реконструкциялауды жүргізеді.
Биылғы жылы "Ауыл – Ел бесігі" жобасы аясында Шахтёрское елді мекенінде жабық хоккей кортының құрылысы және Қ.Шайменов атындағы мектептің күрделі жөндеу жұмыстары жоспарланған.
Сапар қорытындысы бойынша облыс әкімінің орынбасары аудан басшылығына барлық фермерлерді азықпен қамтамасыз ету бойынша тапсырма берді. "Біз ауыл тұрғындарына қыстың жайлы өтуіне кепілдік беруіміз керек", – деп атап өтті Серік Шайдаров.
Ірі астық өсіруші шаруашылықтарға жемге сабан дайындау, оның ішінде облыстың басқа өңірлеріне жөнелту тапсырылды.