Ақтоғай ауданының мектеп жасына дейінгі балалары балабақшада қосымша орындармен қамтамасыз етіледі

Ақтоғай ауданының мектеп жасына дейінгі балалары балабақшада қосымша орындармен қамтамасыз етіледі

Ақтоғай ауданының Сарышаған кентінде жаңартылған "Айгөлек" бөбекжайы енді 50 балаға көберік қабылдай алады. Ескі мектептегі үй-жайлардың жартысын балабақшаға бөліп, "Нұрлы жол" бағдарламасы бойынша ғимаратты қайта жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Балабақша 140 балаға арналған, онда алты топ бар.

– Бізде 50 адамнан тұратын қосымша екі топ пайда болды. Онда біз бір жастан екі жасқа дейінгі және бес жастан алты жасқа дейінгі балаларды қабылдаймыз. Ғимарат жеке болғандықтан, оның өз асханасы, медициналық кабинеті және уақытша изолятор бөлмесі бар. Асханада тұрмыстық техника жаңартылды. Төрт педагог, екі тәрбиешінің көмекшісі, кір жуушы, аула сыпырушы, еден жуушы, үш күзетші, аспаз, аспазшының көмекшісі және медбике бізге жұмыспен қамту орталығынан келді, – дейді балабақша меңгерушісі Нұржамал Шұланова. – Оқу кабинеттері де заманауи талаптарға сай. Қазір "Индиго" бағдарламасы бойынша құжаттар қабылдануда. Бізде қосымша үйірмелер ашу жоспарда бар.

Ал қазір бақта кезекші топ жұмыс істейді.

Балабақша аумағы да ретке келтіріліп, абаттандырылып, жарықтандыру орнатылып, ғимарат қапталады. Барлық жұмыстарды осы жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр.