Қарағандылық ММА спортшылары Әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алды

Қарағандылық ММА спортшылары Әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алды

Қарағандылықтар Игорь Ахматов пен Никита Лямин ММА бойынша жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты кезінде тұғырдың үшінші сатысына көтерілді. Жарыс Болгария астанасында өтіп, 23 елден 300-ден астам спортшы жиналды.

Қазақстан Республикасынның намысын 29 спортшы қорғады. Жарыс 14-15 және 16-17 жас аралығында өтті. Қарағандылықтар ересектер тобында қола жүлдегер атанды.

– Біз Қарағанды облысы ММА Федерациясының жас өкілдері ең жоғары халықаралық деңгейде лайықты өнер көрсеткеніне қуаныштымыз, – деді Қарағанды облысы ММА федерациясының басшысы Владимир Абросимов. – Никита Лямин аралас жекпе-жекпен екі жылдан аз уақыт айналысып келеді, алайда қазірдің өзінде осындай нәтиже көрсетті. Жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының қола жүлдегері – әзірге оның ең жоғары марапаты. Игорь Ахматов тәжірибелі күрескер. Ол қазірдің өзінде беделді халықаралық біріншіліктерде, бірақ күштік жекпе-жектің басқа түрлері бойынша марапаттарға ие болды. ММА бойынша Әлем чемпионатында Игорь төрт еңбек, ерікті жекпе-жек өткізді. Соңғысында төрешілер шешімімен қарсыласына есе жіберіп алды.

Жаттықтырушы балалардың жеңіске деген ұмтылысын атап өтті және олардың тәлімгерлеріне жақсы дайындықтары үшін алғыс айтты.

Әлем чемпионатының қорытындысы бойынша қазақстандық команданың есебінде бір алтын, үш күміс және сегіз қола жүлде бар. Бұл ретте тоғыз медальді қыз балалар жеңіп алды. Жалғыз алтынды Батыс Қазақстан облысынан Райяна Ақдәулетова алды.

Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының ақпараты бойынша