
Қазақстан ұлттық құрамасы IChO химия пәнінен 53-ші халықаралық Олимпиадада сәтті өнер көрсетті. Күміс жүлдегерлер қатарында Қарағанды қаласының №1 "Білім-инновация" лицей-интернатының оқушысы Мадияр Қасымалы бар.
Олимпиада 24 шілде мен 2 тамыз аралығында Жапонияда өтті. Карантиндік шектеулерге байланысты жарыстар қашықтықтан өтті. Оған әлемнің 79 елінен 312 оқушы қатысты. Қазақстаннан Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды және Павлодардан келген төрт жас химик қатысты. Олардың барлығы республикалық олимпиаданың жеңімпаздары.
Қазақстан құрамасы төрт медальға – үш күміс және бір қола медальға ие болды. Күміс медальді қарағандылық Мадияр Қасымалыда иеленді. Оның оқытушысы – "Үздік педагог" және "Елбасы медалі" республикалық байқауларының жеңімпазы Абылай Саматов.
– Мадиярмен бірге дайындықты сегізінші сыныптан бастадық. Бұған дейін ол республикалық олимпиадаларда бірінші орындарды иеленген болатын. Сондай-ақ Қ.И. Сәтбаев атындағы Халықаралық олимпиадада алтын жеңіп алды. Биыл Мадияр Халықаралық Менделеев олимпиадасында күміс жүлдеге ие болды. Мен оқушымды мақтан тұтамын! – дейді Абылай Саматов.
Химия пәнінен Халықаралық олимпиада – бұл жыл сайынғы жарыс. IChO алғаш рет 1968 жылы Прагада (Чехословакия) өткізілді. Қазақстан құрама командасы олимпиадаға 1999 жылдан бастап қатыса бастады. Осы уақыт ішінде еліміздің қоржынында 81 марапат жиналды: 6 алтын медаль, 26 күміс, 45 қола және төрт құрмет грамотасы бар. 2019 жылы Қазақстан құрамасы 1 күміс және 3 қола, 2020 жылы 4 қола медаль жеңіп алды.