Қарағанды жастары психологтан тегін көмек ала алады

Қарағанды жастары психологтан тегін көмек ала алады

14–29 жас аралығындағы қарағандылықтар психологиялық көмекке жүгіне алады немесе Қарағанды қаласының Жастар ресурстық орталығында білікті маманнан кеңес ала алады. Қызметтер алдын ала жазылу бойынша тегін көрсетіледі.

– Біз ресурстық орталық базасында психолог кабинетін аштық. Тәжірибелі маман жастарға қиын өмірлік жағдайларды түсінуге көмектеседі: ата-аналармен, қарама-қарсы жыныспен қақтығыстар, бейімделу қиындықтары, үлгерім, өзін-өзі жетілдіру және т. б. жағдайлар бойынша, – деді Қарағанды Жастар ресурстық орталығының жетекшісі Сымбат Әубакірова. – Эпидемиологиялық жағдайға байланысты консультациялар жұмыс уақытында алдын ала жазылу бойынша ғана жүргізіледі.

Мекен-жайы: Қарағанды қаласы, Әлиханов көшесі, 37, 410 кабинет.

Анықтама және жазылу телефоны: (8-7212) 50-52-91.