
Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Қарағанды хайуанаттар бағы қабырға суреттерінің байқауын өткізеді. Суретшілердің жұмыстары жануарлар қоршауын безендіретін болады.
Эскиздер 10 тамызға дейін қабылданады. Алғашқы үш орын үшін ұйымдастырушылар ақшалай сыйлықтар береді.
Хайуанаттар бағының әкімшілігі байқау жеңімпаздарын таңдап, оларға жұмыс материалдарын ұсынады.
Толық ақпарат алу үшін келесі нөмірге хабарласыңыздар: +7-771-312-75-39.