Қазақстандықтар мемлекеттік қызметтерді Aitu қосымшасынан ала алады

Қазақстандықтар мемлекеттік қызметтерді Aitu қосымшасынан ала алады

Aitu қосымшасындаe Gov.kz порталының сұранысқа ие ақылы қызметтерін алуға болады.

Қазіргі уақытта платформада тұрғылықты жері туралы анықтама, жылжымайтын мүліктің болмауы (болуы) туралы, жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) туралы, зейнетақы аударымдары туралы анықтама, әртүрлі медициналық ұйымнан анықтамалар, шетелге шығуға тыйым салудың болуын тексеру туралы анықтама, кепіл туралы анықтаманың барлық түрлерін қоса алғанда, ең сұранысқа ие көрсетілетін қызметтерге қолжетімді, сондай ақ ХҚКО-да кезекті брондау қызметі де бар.

Сервисті пайдалану үшін Aitu-ды жүктеп алып, оған тіркелу қажет және «Қосымшалар» бөлімінде «eGov» — ты таңдау керек немесе бөлімнің жоғарғы бөлігіндегі баннерді басу қажет. Әрі қарай авторлану қажет, өзіңізге қажетті көрсетілетін қызмет түрін таңдау қажет және бір минут ішінде сауалға жауап аласыз. Сервис Aitu платформасының мобильді нұсқасында қазақ және орыс тілінде қолжетімді.

Көрсетілетін қызмет елде және одан тыс жерлердегі барлық қазақстандықтарға қолжетімді. Басты талабы — мобильді азаматтар базасында (МАБ) тіркелу қажет. Егер пайдаланушы МАБ — та тіркелмеген болса, онда еGov-та жеке кабинетінде логин мен парольді енгізу қажет немесе eGov mobile мобильді қосымшасы арқылы шығарылған Digital ID сервисі арқылы жеке тұлғаны қашықтықтан сәйкестендіру қызметін пайдалану қажет.

Aitu-дағы «eGov» сервисі «ҰАТ» АҚ мемлекеттік контурының ішінде орналасқан, BTS Digital компаниясы дербес деректерді жинауды және өңдеуді жүзеге асырмайды.

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ баспасөз қызметінің ақпараты бойынша