Қарағанды футбол мектебінің тәрбиеленушілері Қазақстан чемпиондары атанды

Қарағанды футбол мектебінің тәрбиеленушілері Қазақстан чемпиондары атанды

Қарағанды облысының "Жастар" футбол олимпиадалық резерв мектебінің командасы республикалық біріншілікте алтын жеңіп алды. Жарыс Шымкентте 20–29 шілде аралығында өтті.

Біріншілікке 2009 жылы туылған 200-ден астам футболшы жиналды. Шымкент, Ақтөбе, Ақтау, Тараз, Талдықорған, Петропавл, Павлодар, Түркістан, Қарағанды және Алматы облыстарынан 11 команда бақ сынасты.

Қарағанды өңірін футбол бойынша "Жастар" ОРМБЖМ" КММ таныстырды. 18 адамнан тұратын команда жеңіске жетті. Балаларды Алексей Пацуков пен Олег Миляев жаттықтырады.

Чемпионат қорытындысы бойынша екінші орынды Шымкент қаласының командасы, үшінші орынды Талдықорған қаласының футболшылары иеленді.

Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының ақпараты бойынша