
Қарағанды облысында Ashyq жүйесінде тіркеуге көмек көрсету пункттері іске қосылды. Енді өтінімді жеңілдетілген нысан бойынша рәсімдеуге болады.
Ashyq-қа қосылғысы келетіндер саны арта түсті. Мысалы, Қарағандының бір ғана нарығында жүзге жуық өтінім берілді. Көмекке Өңірлік кәсіпкерлер палатасының мамандары келді.
– Мен компьютерлік сауаттылықта мықты емеспін. Жүйеге өз бетімше қосылу қиын болар еді. Мұнда бәрі тез жасалды. Ashyq-пен карантин күшейген кезде жұмысты жалғастыра аламын, – деді кәсіпкер Лидия Чернышова.
Әйел базарда бутик жалдап, заттарды сатады.
Ashyq қосымшасын тіркеу https://infokazakhstan.kz/ сайтында жүргізіледі. Процедура жеңілдетілді. Егер бұрын өтінімді өңдеуге жеті күнге дейін уақыт кетсе, енді QR-кодты алу екі сағаттан аспайды.
Қарағанды облысының Кәсіпкерлер Палатасы баспасөз қызметінің ақпараты бойынша