
Биыл "Ауыл – Ел бесігі" бағдарламасы бойынша, сондай-ақ аудандық және облыстық бюджет есебінен Шет ауданында Ағадыр, Ақсу-Аюлы, С. Сейфуллин, Ақжал, Ақой, Красная Поляна ішкі жолдарын жөндеу жоспарлануда.
Бүгінгі күні Ағадырдағы Қыздарбекова, Теміржолшылар және Оспанов көшелерінде жөндеу жұмыстары аяқталды. Сол кентте М. Мәметова, Е. Мәдиев және Жұмыскер көшелеріндегі жолдарды ретке келтіру керек.
Ағадырда Сарыарқа, Болашақ, Алаш көшелерінде де орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Красная Поляна ауылындағы Қарамұрын, Байқоңыр, Комаров көшелеріндегі жолдар жөнделетін болады.
Кеншоқы ауылындағы 2,1 шақырым жол да ретке келтіріледі (С. Мұқанов, Шабанбай-би және Н. Әбдіров көшелері). Қазіргі уақытта мердігермен шартқа қол қою рәсімі жүріп жатыр.
Аудандық бюджет қаражаты есебінен Ақой ауылындағы Чепурченко және М. Едігеев көшелерінің орташа жөндеуі аяқталды.
Сонымен қатар, С. Сейфуллин атындағы кентте Бейбітшілік, Т. Әубәкіров, Наурыз, Б. Жәмиев көшелерінің орташа жөндеуі аяқталды.
Ақжал кентінде екі аула аумақтарының жолдарын абаттандыру және жөндеу бойынша жұмыстар жүргізілетін болады.
"Сондай-ақ, аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын орташа жөндеу жобасы іске асырылуда. Бұл Қызылтау ауылына кіреберіс жолдың 9 шақырымы. Қиыршық тас негізін төсеу жұмыстары жүргізілді, қайта өңдеуге дайындық жүріп жатыр. Бұдан басқа, аудандық маңызы бар автомобиль жолдарына профильдеу жүргізілді – бұл Дәрия кентіне, Қызылтау ауылына және 56-разъезге кіреберіс жолдар", – деп хабарлады Шет ауданы әкімдігінде.