Әлеуметтік кәсіпкерлік мектебі қарағандылықтарды онлайн-тренингке шақырады

Әлеуметтік кәсіпкерлік мектебі қарағандылықтарды онлайн-тренингке шақырады

30 шілдеден бастап жыл сайынғы "Social trust әлеуметтік кәсіпкерлік мектебі" жобасы барлық ниет білдірушілерге біздің қоғамның әлеуметтік мәселелерін шешуге бағытталған кәсіпкерлік дағдыларды дамыту және инновациялық идеяларды қолдау бойынша оқыту жүргізеді. Облыста әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту және қолдаумен осымен үшінші жыл Қазақстан халқы Ассамблеясы айналысып келеді.

Әлеуметтік кәсіпкерлік – бұл өзінің ішкі әлеуетін іске асыруды, өзін жұмыспен қамтамасыз етуді және басқаларды жұмысқа орналастыру проблемаларын шешуді қалайтындар үшін қызмет түрі.

Жоба қатысушылары теориялық білімдерін екі күндік онлайн-тренингтерде алады. Бірінші семинар 2021 жылдың 30 және 31 шілдесінде өтеді. Жаңа бастаған бизнесмендер тәжірибелі әлеуметтік кәсіпкерлермен кездеседі. Әлеуметтік жобалау, дизайн-ойлау элементтері, бизнес-процестер және тағы басқалар түсіндіріледі.

Алғаш рет семинар-тренинг көп балалы және аз қамтылған отбасылардың тыңдаушыларын тарта отырып, мемлекеттік тілде өткізіледі. Онлайн форматта барлық облыстан қатысушылар бас қосады. Бұл шалғай аудандардың тұрғындарына жобаға қатысуға және әлеуметтік бизнес ашуға өз мүмкіндіктерін сынап көруге мүмкіндік береді.

Сабақтың қорытындысы облыстық форум болады, онда қатысушылар өз стартаптарын ұсынады.

Тренингтер ZOOM платформасында сағат 17:00-де өтеді. Конференция идентификаторы – 843 27 35 5203, қол жеткізу коды – 557771.

assembly.kz