Қарқаралы ауданының еріктілері Шайтанкөл жағасын қоқыстан тазартты

Қарқаралы ауданының еріктілері Шайтанкөл жағасын қоқыстан тазартты

Шайтанкөл көлінің жағалау аумағын тазарту бойынша акция аудандық ішкі саясат бөлімі мен Қарқаралы жастар ресурстық орталығының бастамасымен еріктілерді тарта отырып өткізілді.

«Шайтанкөл – Қарқаралы ауданының інжу-маржаны. Жыл сайын көлдің жағасында жүздеген туристер болады. Өкінішке орай, олар көбінесе өздерінен кейін қоқыс тастап кетеді. Біз мұны көре тұра, қол қусырып отыра алмаймыз. Сондықтан қоқысты өз күшімізбен жинауды жөн көрдік», – дейді еріктілер.

Көлдің жағалау аумағын тазалауға JasStar еріктілер жасағының еріктілері және «Жасыл ел» жастар жасағының сарбаздары қатысты.

– Еріктілер күшімен көл аумағынан қоқыс шығарылды. Акцияға 15 адам қатысты, – деді Қарқаралы ауданының жастар ресурстық орталығының директоры Ерсайын Қобланды.