
Қарағанды облысының Ұлытау ауданында құтқарушылар дала өртін жойды. Құрғақ шөптің жануы 25 шілдеде орын алды. Екі тәулік ішінде өрт сөндірушілер жалынмен күресіп, оны тоқтата алды.
Өртті сөндіруге ТЖ департаментінің, орман шаруашылығының бөлімшелері, жергілікті атқарушы органдар, полиция бөлімі, өртке қарсы ерікті құрамалар мен жергілікті тұрғындар жұмылдырылды.
"Қарағанды облысында 29 шілдеде күндіз кей жерлерде найзағай ойнап, кей жерлерде жоғары өрт қаупі сақталады. Облыс тұрғындары мен қонақтарын өрт қауіпті кезеңде ормандар мен далаларда отты пайдалану кезінде ерекше сақ болуды сұраймыз", – деді облыстық ТЖД қарағандылықтарға.