Молодежный кентінде жолдар жөнделуде

Молодежный кентінде жолдар жөнделуде

Осакаров ауданының Молодежный кентінде "Ауыл – Ел бесігі" жобасының арқасында автожолдарды орташа жөндеу жұмыстары басталды. 18 көше жөнделеді деп жоспарланған. Олардың қатарында Сәтбаев, Әбдіров, Комаров, Дорожников, Гидроқұрылысшылар, "Восток" орамы және басқалары бар.

Барлығы 11 шақырым автожол асфальтталады.

Жол-құрылыс жұмыстарын тамыз айының соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр. Асфальттау барысын қоғамдық кеңес пен ауылдың жанашыр тұрғындары қадағалап отырады.

Осакаров ауданында "Ауыл – Ел бесігі" бағдарламасы бойынша екі елді мекенде жұмыстар жүргізілуде. Орташа жөндеу жұмыстары 31 көшеде өтеді. Асфальтталған жолдың жалпы ұзындығы шамамен 17 шақырымды құрайды.