
Қарағандылық Андрей Ермолин бодибилдингтен Қазақстан және Орта Азия чемпионы атанды. Спортшы – кеншілер әулетін жалғастырушы. Ол "АрселорМиттал Теміртау" АҚ Көмір департаментінің И.А. Костенко атындағы шахтасында ҚТ бойынша бас технолог болып жұмыс істейді.
2021 жылғы біріншілік Алматыда өтті. Андрей Ермолин 90 келі салмақ дәрежесінде бірінші орын алды.
– Ақпан айында чемпионаттың өткізілетіні белгілі болды. Бірнеше ай бойы дайындалдым, күн сайын жаттықтым. Әрине, спорт пен жұмысты біріктіруге тырысуым керек еді. Он сағаттық ауысымнан кейін бірден залға бардым, – деді бодибилдер.
Бұлшықет массасын жинау үшін арнайы тамақтану бағдарламасы қажет, сондықтан кеншінің тамақ мәзірі әдеттегіден өзгеше болды.
Андрей техникалық университетті бітіргеннен кейін шахтаға жұмысқа орналасып, еңбек әулетін жалғастырды. Оның әкесі де кенші, ал атасы өмір бойы шахтада жұмыс істеген.
Ол 11 жыл бұрын бодибилдингке қызығушылық танытып, соңғы үш жыл кәсіби түрде айналысады. 2019 жылы республикалық чемпионатта төртінші орын алды. Кенші-спортшыны оның отбасы – жұбайы Юлия және екі ұлы қолдайды.