
Осакаров ауданының тұрғындарының әкімнің жұмыс сапары мен «Әкім сағаты» жобасында тікелей эфирдегі кездесулерінде көтерген басты тақырыптарының бірі – ол жарықтандырылмаған көшелер.
Осы уақытқа дейін Осакаровка ауылында 941 жарық нүктесі болса, Молодежныйда тек 100 жарық нүктесі бар. Биыл Молодежный ауылының бірінші кварталының тұрғындары үшін қосымша 37 жарық нүктесі орнатылды.
– Қазір түнде де күндізгідей жарық екеніне сену қиын, - дейді бірінші орам тұрғыны Айман Дәулетбекова. – Айналдыра шамдар орнатылған – бұл бәріміз үшін ыңғайлы!
Осакаровкада көшелерді жарықтандыру жұмыстары бүгінде әлі жалғасуда. Автобаза қалашығында жеті жарық нүктесі орнатылды. Тұрғындар ауыл әкімдігінің телеграм-чаты арқылы көшелерін жарықтандыруды сұраған болатын.
Айта кету керек, 2019 жылдан бастап Осакаров ауданында 1715-ке жуық жарық нүктелері орнатылған, бүгінде олардың жалпы саны 3 308-ге тең.