
Осакаров ауданының Ақбұлақ ауылында кентішілік жолдарды орташа жөндеу жұмыстары басталды. "Ауыл – ел бесігі" бағдарламасы аясында 13 көшеге асфальт төселеді.
Естеріңізге сала кетейік, жобаның негізгі мақсаты ауылдағы өмір сүру сапасын жақсарту, ауылдық аумақтарды жаңғырту және оларды өңірлік стандарттарға дейін жеткізу болып табылады.
Осакаров ауданында "Ауыл – Ел бесігі" бағдарламасы бойынша жеті жоба жүзеге асырылуда. Бұл білім беру, мәдениет, спорт және денсаулық сақтау нысандарын жөндеу, сондай-ақ жолдарды орташа жөндеу.
2020 жылы Осакаровкада 64 көшенің 54-і ретке келтірілді. Ауыл тарихында бір мезгілде сонша жұмыс атқарылған емес.