Қарағандыдан Түркістанға әуе рейсі іске қосылды

Қарағандыдан Түркістанға әуе рейсі іске қосылды

Қарағанды әуежайы өзінің Instagram парақшасында Қарағандыдан Түркістанға жаңа әуе бағытының ашылғаны туралы хабарлады.

Тарихи қалаға рейстер 20-шілдеден бастап SCAT әуекомпаниясымен сейсенбі, бейсенбі және жексенбі күндері орындалады.

Авиабилеттерді сатып алу және олардың бағасына қатысты сұрақтар бойынша мына нөмірге хабарласуға болады: +7-771-044-72-24.