Теміртау сауда үйлерінің қызметкерлеріне қазақ тілі сабағы өткізіледі

Теміртау сауда үйлерінің қызметкерлеріне қазақ тілі сабағы өткізіледі

Сауда үйлерінің кәсіпкерлері мен қызметкерлеріне арналған қазақ тілі курсын Теміртау қаласының Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі ұйымдастырды. Көптеген теміртаулықтар үшін қысқа мерзімді тегін сабақтар – бұл мемлекеттік тілді үйрену жолындағы алғашқы қадам.

Шілде айында осындай кабинеттер екі сауда орталығында ашылды – City Centre және ОӘД. Бұл өте ыңғайлы. Бизнесмендер жұмыс орнынан шықпай-ақ тіл үйрене алады. Мұнда Теміртау қаласының тілдерді дамыту орталығының қызметкерлері сабақ береді.

Бүгінгі таңда үш топ жұмыс істейді. Барлығы 29 адам айналысады. Сабақтар жұмыс күндері офлайн және демалыс күндері онлайн режимінде өтеді.

– Біздің мақсатымыз – қызмет көрсету сапасын жақсарту, – дейді Теміртау қаласының Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Гүлмира Олжабаева. – Оқытушылар кәсіпкерлерге өз жұмыстарын жоғары деңгейде орындауға мүмкіндік беретін қажетті тілдік минимумды үйретеді. Ол үшін ситуациялық диалогтар мен кеңінен қолданылатын лексиканы қолданамыз. Адамдардың тілге деген қызығушылығы бар екенін көреміз.

Жоспар бойынша келесі сауда үйлері – "Евразия" және "Одежда". Жоба Теміртаудың барлық ірі дүкендерін қамтуы тиіс.

– Жоба осы жылдың соңына дейін жоспарланған. Біздің орталықта оқығысы келетін әрбір тыңдаушыға қуаныштымыз. Қазірдің өзінде толыққанды курстарға жазылғысы келетіндер бар, – деді Гүлмира Олжабаева

Курс 21 күнге созылады. Аяқтағаннан кейін кез-келген адам үш айлық тегін курстарға жазылып, сертификат ала алады. Жас шектеулері жоқ. Курстың көмегімен жұмыс істейтін жастар, орта жастағы тұрғындар мен зейнеткерлер тіл біле алады.

Қыркүйек айында басталатын қазақ, орыс және ағылшын тілдерінің тегін курстарына (8-7213) 41-46-49 телефоны бойынша жазылуға болады.