
Қарағанды гарнизонының қорғаныс істері жөніндегі Департаментінің әскери қызметшілері өлкетану мұражайында халық қолөнерін меңгеруде. Мұнда олар құрақ тігуті үйренеді.
Бұл өнерді қыздарға шебер, өлкетану мұражайының суретші-безендірушісі қымбат Хасенқызы үйретеді. Демалыс күндері ол тегін шеберлік сабақтарын өткізеді.
– Шебердің қолы алтын деп бекер айтылмаған. Халықтық қолөнер - бұл балалар мен жастарды халықтық даналық әлеммен таныстырудың тәсілі. Өз халқының салт-дәстүрлеріне деген сүйіспеншілік пен құрметке тәрбиелеу болып табылады. Сондықтан біз "Жұлдыз-құрақ" қолөнер клубын аштық, – дейді Қымбат Хасенқызы.
Ұлттық киімдер мен тұрмыстық заттарды тігу өнері халықтың өмірі туралы көп нәрсе баяндайды.
– Біз бос уақытымызды тиімді өткізуге тырысамыз. Ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа беріліп келе жатқан ұлттық қолөнер – біздің мәдени мұрамыздың ең құнды қазыналарының бірі. Мұражайға халық өнерін үйреткендері үшін алғысымызды білдіреміз, – дейді кіші сержант Мейіргүл Тәубебаева.