
22 тамыз бен 17 қыркүйек аралығында "Тәуелсіздік рәміздері" граффити облыстық байқауы өтеді. Оны Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы және бейнелеу өнері мұражайы ұйымдастырды.
Байқауға Қарағанды, Теміртау, Абай, Шахтинск, Саран, Жезқазған, Сәтбаев, Балқаш, Приозерск, Қаражал қалаларынан суретшілер мен граффитистер шақырылады. Қатысушылардың жасы 18 жастан жоғары болуы керек.
Өтінімдер 22 тамызға дейін қабылданады. Мөлшері 1200 пиксельден кем емес түрлі-түсті эскиздің электрондық нұсқасын және куәліктің көшірмесін келесі электрондық мекенжайға "граффити" белгісімен ұсыну қажет: izo.karaganda@mail.ru.
Байқау туралы ережемен Facebook, Instagram әлеуметтік желілерінде және мұражай сайтында танысуға болады – muz-kar-izo.kz.
Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталады. Оларға дипломдар мен ақшалай сыйлықтар табыс етіледі.