"Өрелі ұрпақ" әлеуметтік кәсіпкерлік тегін онлайн-мектебіне қабылдау жарияланды

"Өрелі ұрпақ" әлеуметтік кәсіпкерлік тегін онлайн-мектебіне қабылдау жарияланды

"ҮЕҰ академиясы" бағдарламасы аясында "Өрелі ұрпақ" жазғы әлеуметтік кәсіпкерлік мектебінің үшінші легі басталады. Жоба Astana International University базасында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің және Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының қолдауымен жүзеге асырылуда.

Мектептің мақсаты ҮЕҰ менеджерлері мен қызметкерлерінің әлеуетін және құзыреттерін арттыру, әлеуметтік бизнес жүргізудің өзекті дағдыларын қалыптастыру болып табылады. Сондай-ақ оқыту экономиканың әлеуметтік секторына тартылған қызметкерлердің кәсіпкерлік ой-өрісін дамытуға ықпал етеді.

Бес апталық курсқа стратегиялық ойлау, тиімді басқару дағдылары, әлеуметтік маркетинг, қаржылық сауаттылық, бизнес-жоспар/бизнес-модель жасау сияқты бағыттарды зерттеу кіреді.

Жаттықтырушылар мен сарапшылар қатысушылардың дағдылары мен машықтарын онлайн-режимде дамытатын болады.

Оқыту тегін.

19 шілдеге дейін келесі сілтеме бойынша тіркелу қажет: https://docs.google.com/forms/d/1Rtmero4jzkYThTQm_-T8bs7-R7yrOscw3Byrj2a0D68/viewform?edit_requested=true.

Қосымша ақпарат Astana International University @aiu_astana Instagram әлеуметтік парақшасында.

Толығырақ телефон: +7-701-730-54-11.

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Азаматтық қоғам істері комитетінің ақпараты бойынша