Жаңаарқа ауданының Мыңадыр станциясының тұрғындары туған ауылына арка сыйлады

Жаңаарқа ауданының Мыңадыр станциясының тұрғындары туған ауылына арка сыйлады

Жаңаарқа ауданы Ақтыбек ауылдық округінің Мыңадыр ауылына кіре берістегі арканы жергілікті тұрғындар өз қаражатына орнатты. Туған ауылға сыйлық Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай жасалды.

Мыңадырға кіре берісте арка салудың бастамашысы жергілікті тұрғын Айдын Асанов болды. Идея ауыл тұрғындары тарапынан қолдау тапты.

Сонымен қатар, Жаңаарқа ауданының Атасу станциясында JAN JUREGIM ATASY символикалық жазуы пайда болды. Оны 20 жыл бұрын оқу бітірген жергілікті мектеп оқушылары орнатты. Сәулет құрылымы жергілікті тұрғындардың фотосессия құратын сүйікті орнына айналды.

"Мыңадыр ауылына кіре берістегі Арка мен JAN JUREGIM ATASY жазуы "Туған жер" арнайы жобасы аясында орнатылды. Жалпы, Жаңаарқа ауданында "Рухани жаңғыру" бағдарламасы бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Биыл бізде 16 жоба және жүзден астам іс-шара жоспарланып, жүзеге асырылуда", – деп атап өтті Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданының әкімдігінде.