Абайда Әл-Фараби, Әлімхан Ермеков және Әлия Молдағұлова бейнеленген пилондар орнатылды

Абайда Әл-Фараби, Әлімхан Ермеков және Әлия Молдағұлова бейнеленген пилондар орнатылды

Қарағанды облысының Абай қаласында Әбу Насыр әл-Фараби, Шерубай батыр, Әлімхан Ермеков, Әлия Молдағұлова және Сәкен Сейфуллин бейнеленген пилондар орнатылды.

– Пилондар қайта аталған көшелерге орнатылды. Оларда осы көшелер аталған адамдардың портреттері бар. Сондай-ақ аншлагтарда олардың қысқаша өмірбаяндары келтірілген, – деді "Абай қаласы әкімінің аппараты" ММ әлеуметтік мәселелер жөніндегі бас маманы Мәди Құсайынов.

Айта кету керек, Абайда аула аумақтарын абаттандыру бойынша белсенді жұмыстар жүргізілуде. Сондай-ақ гүлзарлар мен аллеялардағы орындықтар мен қоқыс жәшіктер боялады. Аудан орталығында автомобиль жолдарын ағымдағы жөндеу жұмыстары басталды.

– Школьная көшесінің Калининнен ҚР Тәуелсіздігіне 10 жыл көшесіне дейінгі бөлігінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. 4-ші шағын ауданның аула аумағы асфальтталды. Сол жерде футбол алаңы орнатылды, – деді Мәди Құсайынов. – Қазір балалар алаңын орнату жұмыстары жүргізілуде.

27-орамда және 3-шағын ауданда аула аумақтарын абаттандыру бойынша жұмыстар басталды. Сондай-ақ, Байжанов, Тәттімбет, Транспортная, Южная, Интернациональная, Шахтерская көшелері бойынша жолдар төселіп жатыр.

– Қалада Калинин, Школьная, Гёте көшелеріндегі автожолдарға орташа жөндеу жүргізіледі. Железнодорожный көшесінде, Угольный және Горняков тұйық көшелерінде жолдарды тегістеу бойынша жұмыстар жүргізілді. Сондай-ақ, тоғыз көпқабатты үйдің аулалары асфальтталды, – деді спикер. – Школьная көшесі мен Автомобилистов тұйық көшесіне балалар алаңдарын орнату жоспарлануда.

Сонымен қатар, қалада жасыл желектерді ретке келтіру көзделіп отыр. Орталық көшелер бойында қураған ағаштарды кесу жүргізілетін болады. Жақында Шерубай батыр көшесінде №5 жалпы білім беретін мектепке барар жолда, сондай-ақ Вольный кентіне жарықтандыру жүргізілді. Онда жарықдиодты шамдары бар жаңа жарықтандыру тіректері орнатылған.