
«Қазақстан Тәуелсіздігі туралы 100 әңгіме» кітабынан
Қадыр БАЙКЕНОВ, мемлекеттік, саяси қайраткер, премьер-министрдің орынбасары 1991-1993 жылдары
Менің Нұрсұлтан Әбішұлымен алғашқы танысуым ол ҚазКСР Компартиясы ОК-нің өнеркәсіп жөніндегі хатшысы болған кезде болды. Куратор ретінде біз оның жиналысқа қатысуын және өтпелі Қызыл туды бізге тапсыруы өтіндік.
1991 жылы мені Үкіметке Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары етіп шақырды. Ол кезде Министрлер кабинетінің басшысы Сергей Александрович Терещенко болды. Тәуелсіз мемлекеттің алғашқы үкіметі ретінде біз Тұңғыш Президент атап көрсеткен бағыттарды іске асыру үшін үлкен жауапкершілікті өзімізге жүктеп алдық.
Мен өнеркәсіпке жетекшілік еттім және өз қызметімнің түрі бойынша тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап шетел инвестицияларын тарту есебінен экономикамыздың дамуының локомотивіне айналған мұнай-газ саласы мәселелерімен айналыстым.
Сhevron америкалық мұнай корпорациясы Теңізге КСРО кезінде келді. Ол кезде келіссөздер Қазақстансыз жүргізілді. Нұрсұлтан Әбішұлы, әрине, өз беделімен араласып, Қазақстан да Теңіз кен орнын игеру жөнінде келісімшарт жасасу бойынша жұмыс істеуі тиіс екенін айтты. 1989 жылдан бастап Қазақстан Chevron компаниясымен келісім жасасу жөніндегі келіссөздер үдерісіне белсене кірісті.
Мұнай-газ саласынан басқа, мен тау-кен, химия, уран және атом өнеркәсібіне жетекшілік еттім. Сондықтан да қызметтің көптеген бағыттары болды, және де бізде бар салалардағы бағдарламаларды шашпау маңызды болды.
КСРО ыдыраған кезде, Елбасы одаққа бағынысты болған кәсіпорындардың біртіндеп республиканың бағынысына көшуі туралы арнайы жарлық шығарды. Бірақ бұл үшін Ұйымдық құрылым құру қажет болды. Нұрсұлтан Әбішұлы маған осы мәселемен айналысуды тапсырды. Біз одақтық кәсіпорындардан салалық концерндер, қауымдастықтар, корпорациялар құрдық, кейін олар «ҚазТрансОйл», «Қазақойл», «ҚазМұнайГаз және т. б. компанияларға айналды.
1990 жылдары экономикада болған барлық жағдайды қалай да тұрақтандыруға және дұрыс бағытқа бағыттау қажет болды. Кем дегенде, бірінші кезеңде біз оны ұстай алдық. Бірақ ортақ рубль аймағы болғандықтан, Ресей бізді түрлі экономикалық тетіктер арқылы одан шығуға мәжбүрледі, Қазақстан өзінің ұлттық валютасын жасаудағы жұмыстарын бастады. Бұл бізге еліміздің қаржылық жағдайын одан әрі тұрақтандыруға мүмкіндік берді.
Бұл қиын кезеңдер еді. Жауапкершіліктің негізгі жүгі Нұрсұлтан Әбішұлының мойнына жүктелді. Онымен жұмыс істеу әрқашан жағымды да, пайдалы болды. Мен оған жұмыс мәселелері бойынша барған кезімде қанаттандым, өйткені оның барлық тілектері шынымен прагматикалық болды. Мен оның осы немесе басқа салада қалай әрекет ету керектігі туралы түсінігіне таң қалдым. Оның экономикаға сергек қарап, терең ойлауында, жұмысымызды жеңіл әрі жемісті істеуімізге мүмкіндік берді.