
Қарағанды облысының Осакаров кентінде Kinoteatr_Osakarovka атты 3D-кинотеатр пайда болды. Ол заманауи техникамен, лазерлік дисплейі бар 3D форматындағы экранмен жабдықталған.
Кинотеатрда кино әлеміндегі өзекті жаңалықтар, отандық және шетелдік фильмдердің премьералары көрсетіледі. Ашылу кезінде кент тұрғындары үлкен экранда «Райя және соңғы айдаһар» мультфильмін көрді.
Кинотеатр жергілікті поштамен бір ғимаратта, екінші қабатта орналасқан. Оны кәсіпкер Мақпал Зейнелова «Жас кәсіпкер» бағдарламасының арқасында ашты.
Кинотеатрға кіру тек Ashyq қосымшасы бойынша мүмкін болады.