
Көкшетауда тазы тұқымды иттердің республикалық жарысы өтті. Оларға Қазақстанның әртүрлі аймақтарынан осы тұқымның 40-қа жуық өкілі қатысты. Қарағанды облысы Ақтоғай ауданының Сарыбас атты тазысы жеңімпаз атанды.
– Сарыбас екі жаста, ол қазақ тазысы. Биыл ол облыстық және республикалық жарыстарда алты рет бірінші орынға ие болды, – деді тазының иесі Арман Оралхан.
Арманның айтуынша, мұндай жарыстардың басты мақсаты – ұлттық құндылықтарды, атап айтқанда тазы тұқымын сақтау болып табылады. Сондай-ақ, осы тұқымының ең жылдам өкілін анықтау.
Жарыстардағы қашықтық әртүрлі – екі шақырымға дейін. Көкшетауда иттер 1,3 шақырым жүгірді. 30 финалисттің ішінде Сарыбас бірінші болды.
– Менің ойымша, әрбір қазақ тазысы ұстап, атқа мініп жүре білуі керек. Менде бала кезімнен бері тазыларым болды, мен олармен осы күнге дейін айналысып келемін. Иттерге ерекше күтім қажет, мен оларға арнайы тамақ дайындаймын. Қазір үш тазым бар – Сарыбас, Сұңқар және Ақкиік. Бірақ Сарыбас ерекше. Жарысқа тек соны шығарамын. Болашақта Сарыбастың күшіктерін өсіргім келеді. Алдағы уақытта да жарысқа қатысу жоспарда бар, – деді Арман Оралхан.