
Қарағандының жұмыспен қамту орталығы «Бастау Бизнес» бағдарламасы бойынша немесе Жұмыспен қамту орталығы арқылы қысқа мерзімді кәсіптік оқуды аяқтаған қала тұрғындарын нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына қатысуға шақырады. Бағдарлама бизнес-идеяларды іске асыруға грант алуға мүмкіндік береді.
Бағдарламаға келесі санаттағы адамдар қатыса алады:
- халықты жұмыспен қамту орталықтарында тіркелуіне қарамастан жұмыссыздар;
- мемлекеттік тіркеу мерзімі бір жылдан кем кәсіпкерлер;
- өзін-өзі жұмыспен қамтығандар (бірыңғай жиынтық төлем төлеушілер);
- аз қамтылған және (немесе) көп балалы отбасылардың мүшелері – АӘК алушылар, сондай-ақ қоныс аударушылар мен қандастар (бұл ретте оқудан өту талап етілмейді).
Бағдарламаға қатысу үшін Қарағанды қаласының Халықты жұмыспен қамту орталығына Бұқар жырау даңғылы, 51/4 мекенжайы бойынша хабарласу қажет.
Анықтама телефондары: 996-394, 996-393.